русский язык
Басқа

Қазақстан нысана көздеуден тағы бір Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Қазақстан нысана көздеуден тағы бір Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы кезекті олимпиадалық квотаға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Ирина Юнусметова 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Спортшы пневматикалық тапаншадан атуға маманданған.

Спортшы Халықаралық оқ ату спорты федерациясының (ISSF) рейтингі негізінде Ойындарға жолдама алды.

Бұл нысана көздеуден қазақстандықтар үшін алтыншы квота болды. Бұған дейін Ислам Сәтбаев, Александра Ле, Никита Чирюкин, Арина Алтухова және Константин Малиновский Олимпиадаға жолдама алған болатын.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;