Грузия - Қазақстан матчында есеп ашылмады
![Грузия - Қазақстан матчында есеп ашылмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_525212adec3f17ad421522548563ebfc.jpg?v=28672770)
Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы Тбилисиде Грузия U-21 құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы өз алаңында Венгриядан (0:3), Шотландиядан 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Ал Грузия құрамасы бұған дейін Гибралтарды 2:0 есебімен жеңіп, Түркиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.
Грузия U-21 — Қазақстан U-21 0:0
6 маусым. Тбилиси (Грузия). Месхи атындағы стадион
Фото: ҚФФ баспасөз қызметінен