русский язык
Теннис

Үстел теннисінен Загребтегі турнир: Қазақстан спортшыларының нәтижесі

Үстел теннисінен Загребтегі турнир: Қазақстан спортшыларының нәтижесі

Хорватияның Загреб қаласында үстел теннисінен WTT Contender Zagreb турнирі өтіп жатыр.

Аталған сында Қазақстан сапынан ең үздік нәтижені Зәуреш Ақашева көрсетті. Ол Сербия мен Италия спортшыларын жеңіп, үшінші айналымда Токио Олимпиадасының және соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Ли Хо Чингтан (Гонконг) 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ал Алан Құрманғалиев, Дастан мен Айдос Кенжеғұловтардың нәтижесі төмендегідей:

Чан Болдуин (Гонконг) - Алан Құрманғалиев 3:1

Любомир Янчарик (Чехия) - Айдос Кенжеғұлов 3:1

Мохамед Әл-Беиали (Египет) - Дастан Кенжеғұлов 3:0.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;