русский язык
Басқа

Қазақстан Италиядағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан Италиядағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан Green Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

"Скит микс" жаттығуында Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова жұбы үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды. Ал "трап" жаттығуы бойынша қазақстандық Виктор Хасянов чемпион атанды.

Айта кетелік, турнирде жүлде алған Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен.

Тоди қалсындаңы турнир 22 мамыр мен 9 маусым аралығында өтіп жатыр.

Жарысқа әлемнің 20 мемлекетінен 350 спортшы қатысып жатыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;