русский язык
Теннис

Бейбіт Жұқаев Ұлыбританиядағы доданы жеңіспен бастады

Бейбіт Жұқаев Ұлыбританиядағы доданы жеңіспен бастады

Қазақстандық, әлемнің 171-ракеткасы Бейбіт Жұқаев көгал төсенішінде өтіп жатқан Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде өзінен төрт саты төмен тұрған америкалық Максим Крессимен кортқа шықты.

Бұл матч Бейбітке пәлендей күшке түсе қойған жоқ. Ол қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен жолдан тайдырды. 1 сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Кресси 8 эйспен ғана көзге түсті.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін Аустралия өкілдері, әлемнің 68-ракеткасы Кристофер О'Коннел немесе рейтингіде 105-сатыдағы Джеймс Дакворттың біреуімен таласады

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;