русский язык
Теннис

Қазақстандық жас теннисші «Ролан Гарростың» жұптық сынын сәтті бастады

Қазақстандық жас теннисші  «Ролан Гарростың» жұптық сынын сәтті бастады

17 жастағы қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік теннисші Тимофей Дерепаскомен бірге «Ролан Гарростың» жасөспірімдер арасындағы жұптық сынын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Омарханов пен Дерепаско франциялық теннисшілер Пьер-Антуан Фото және Даниэль Жадемен кездесіп, оларды екі сетте – 7:6, 6:2 есебімен жеңді.

1/8 финалда қазақстандық теннисші серіктесімен Шарли Камю (Франция)/Хейден Джонс (Аустралия) жұбына қарсы шығады.
Кездесу 5 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Әмір Омарханов ITF жасөспірімдер рейтингінде 16-орында. 17 жастағы теннисшінің ATP турында әлі рейтингі жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;