«Зенит» Ресей кубогының трофейін мәңгілік сақтауға мүмкіндік алды
![«Зенит» Ресей кубогының трофейін мәңгілік сақтауға мүмкіндік алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_6536c667a6f569229c5593e8ea371f57.webp?v=28686872)
«Зенит» Ресей кубогының трофейін мәңгілік сақтауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Санкт-Петербург клубы мұндай құқыққа турнирдегі бесінші жеңісінің арқасында ие болды.
Турнир ережесіне сәйкес, «Ресей кубогын қатарынан 3 рет немесе жалпы 5 рет жеңіп алған клуб кубокты мәңгілік сақтауға алады, ал РФО жаңа кубок дайындайды».
Естеріңізге сала кетейік, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.