русский язык
Басқа

Алматыда дзюдодан олимпиадаға баратын балуанды анықтау үшін құрама команда іріктеу өткізеді

Алматыда дзюдодан олимпиадаға баратын балуанды анықтау үшін құрама команда іріктеу өткізеді

Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келі салмақта Олимпиадаға қатысатын спортшыны анықтау мақсатында үміткер үш спортшы арасында іріктеу белдесулері өткізілетінін мәлімдеді.

Іріктеу 7 маусым күні Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясы мен Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесі бойынша, жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан әр салмақта бір елден бір спортшы ғана қатыса алады.

Қазіргі таңда IJF олимпиадалық рейтингінде 60 келі салмақта Қазақстаннан үш спортшы жолдамаға үміткер боп отыр. Олар: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;