русский язык
Бокс

Мұхамедсабыр Базарбайұлы: Таиландта алты кездесу өткіздім, Олимпиаданың өзінде төрт жекпе-жек болады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында Олимпиадаға ең соңғы болып жолдама алған Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландтағы іріктеу турниріне баға берді, деп жазады Olympic.kz.

63,5 келі салмақтағы шешуші кездесуде Базарбайұлы молдовалық боксшыдан басым түсті.

"Бапкеріммен бірге қарсыласымды зерттеп, айламен жұдырықтасу керек деп шештік. Өйткені, ол физикалық тұрғыдан мықты екен. Алғашқы раунд қиындау болды, кейін өз мәнерімді таптым.

Бұл турнирде алты жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеттім. Олимпиаданың өзінде төрт кездесу болады. Ал кубалыққа қатысты айтар болсам, төреші кімнің қолын көтерсе, сол жеңімпаз.

Енді Олимпиадаға аз уақыт қалды. Халқымды жеңіспен қуантуға тырысамын", - деді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;