Бапкерін ауыстырған «Қайрат» алғашқы ойында «Шахтерді» жеңді
![Бапкерін ауыстырған «Қайрат» алғашқы ойында «Шахтерді» жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_b5ea34d36aa9b26a039b579f8ecdef2a.webp?v=28687115)
Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында «Қайрат» пен «Шахтер» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматыда өткен ойында алаң иелері 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Жақында ғана алматылық клубтың бас бапкері болып тағайындалған Александр Кержаков ҚПЛ-дағы жорығын сәтті бастады.
«Қайрат» - «Шахтер» - 4:2 (2:1)
Гол соққандар: Сәдібеков 22 (1:0), Юлдошев 25 (2:0), Зариа пен 77 (3:2), Сантана 81 (4:2) – Ашортия 35 (2:1), 65 (3:2)