русский язык

Мадияр Кембілов: Мықты жақтарымызды пайдалана алмадық

Мадияр Кембілов: Мықты жақтарымызды пайдалана алмадық

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов ҚФФ баспасөз қызметіне Арменияға қарсы өткен матчты қорытындылап берді.

– Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмадық. Ең мықты жақтарымызды пайдалана алмадық. Мүмкін құрамды дұрыс анықтай алмаған шығармын. Матчтан кейін пікір білдіру әркез қиын. Үйге барып, қателігімізді қарап, сараптама жасау қажет. Ал ойында жеңілгенімізге көп фактор әсер етті. Әрине, бапкер ретінде менің де жауапкершілігім бар. Десе де, капитанымыз болмағаны, кейбір ойыншыларымыздың жарақат алғаны өз әсерін тигізбей қоймайды.

Алматыда бұдан жақсы ойын болады деп ойлаймын. Кеткен есемізді қайтаруымыз керек. Стадионға келіп, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді. Бізге Арменияда қолдау көрсетуге келеді деп күтпедім. Үміттеріңізді ақтамағанымыз үшін кешрім сұраймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;