русский язык
Теннис

Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатының жұптық сынында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ресейлік теннисші Камилла Рахимовамен бірге Путинцева ресейлік Анна Калинская – Елена Веснина жұбымен кездесіп, екі сетте жалпы 3:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч турнирдің 1/32 финалы кезеңінде өтті. Кездесу 1 сағат 9 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;