русский язык
Басқа

Дияс Тойшыбек Әлем Кубогы сериясында алғаш рет медаль алды

Дияс Тойшыбек Әлем Кубогы сериясында алғаш рет медаль алды

Ұлттық құрама спортшысы Дияс Тойшыбек Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ат снарядындағы финалда ол жаттығуы үшін 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қатысушысы Илья Ковтун (Украина) топ жарды. Қола хорват гимнасты Матео Жугецке бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;