русский язык
Басқа

Әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

Әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді
Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Эдуард Ким жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол жекелей сында 204.3900 ұпай жинап, чемпион атанды.

Бұл - Кимнің әлем кубогіндегі жекелей сында алған алғашқы алтын медалі.

Күмісті италиялық Филипо Пелати (198.1749), қоланы америкалық Кеннет Гаудет (180.3716) еншіледі.

2024 жылғы 5 мамырда қазақстандық спортшылар Эдуард Ким мен Нарғыз Болатова Парижде артистік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аясында аралас командалар арасындағы жарыста жеңіске жеткені белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;