Криштиану Роналду Кубок финалындағы жеңілістен кейін тоқтаусыз жылады
![Криштиану Роналду Кубок финалындағы жеңілістен кейін тоқтаусыз жылады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_591cc3dbf2854aa99d51d9bf987f2501.webp?v=28673898)
Король кубогінің финалында «Әл-Наср» басты қарсыласы «Әл-Хилалдан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Матчтан кейін «Әл-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду көз жасына ерік беріп, ұзақ уақыт жылады.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған болатын. Матчтан кейінгі пенальтиде «Әл-Хилалдың» жолы болды, есеп – 5:4.
Төрешінің соңғы ысқырығынан кейін 39 жастағы португалдық шабуылшы жерге жатып ұзақ уақыт жылады. Оны командаластары жұбатпақ болғанымен, бұл әрекеттерінен түк шыққан жоқ.
Роналдудың жылауына басты себеп – даңқты футболшы Сауд Арабиясына ауысып келгелі бері мүлдем трофей жеңген жоқ. Ел чемпионатында биыл «Әл-Хилал» чемпион болды.
Азия Чемпиондар лигасында да Роналдудың командасы сәтсіз өнер көрсетті.