Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатының жұптық сынында жеңіліп қалды
![Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатының жұптық сынында жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_ecd53420446196408e8b8bec45906385.jpeg?v=1717216881982?v=28686636)
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік теннисші Камилла Рахимовамен бірге Путинцева ресейлік Анна Калинская – Елена Веснина жұбымен кездесіп, екі сетте жалпы 3:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч турнирдің 1/32 финалы кезеңінде өтті.
Кездесу 1 сағат 9 минутқа созылды.