русский язык
Теннис

Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің финалына шықты

Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Брешия (Италия) ITF W75 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге үш кездесуін сәтті өткізді.

Соның ішінде қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалда италиялық Николь Фосса – үндістандық Васенти Шиндені 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Жібек Құламбаева – Екатерина Рейнгольд финалда испаниялық Ивон Реймерс – италиялық Аврора Зантедешимен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;