русский язык
Теннис

Александр Недовесов «Ролан Гарростың» екінші айналымына жолдама алды

Александр Недовесов «Ролан Гарростың» екінші айналымына жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 40-ракеткасы Александр Недовесов Франция ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы кездесуін испаниялықтар Пабло Карреньо-Буста – Серхио Мартос Горнеспен өткізді. Недовесов пен Эскобар тартысты матчта 7:6 (7:3), 6:4 есебімен басым түсті.

Екі сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйспен 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Испаниялық дуэт 3 брейктен (13 брейк-пойнт) аса алмады.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобар 1/8 финалға шығу үшін жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Раджив Рам – ұлыбританиялық Джо Солсберимен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;