Қазақстан ЕУРО-2025 іріктеуінде үшінші рет жеңіліп қалды
![Қазақстан ЕУРО-2025 іріктеуінде үшінші рет жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_423f80eba2bd584aa82922fbc3f92e9b.webp?v=28672725)
Бүгін футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы ЕУРО-2025 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Армениямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Армавир қаласында өтті. Алаң иелері 2:1 есебімен жеңді. Қазақстандықтар сапында жалғыз голды Камила Құлмағамбетова соқты.
Еуропа чемпионаты-2025. Іріктеу кезеңі
Армения - Қазақстан 2:1
Голдар: Анна Даллакян 13 (1:0), Марал Артин 49 (2:0, пенальтиден), Камила Құлмағамбетова 70 (2:1)