русский язык
Басқа

Мәулен Әшімбаев боччадан ел чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады

Мәулен Әшімбаев боччадан ел чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады

Сенат Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев боччадан дәстүрлі ел чемпионатының жабылу рәсіміне қатысты. Бес күнге жалғасқан сайыста еліміздің үздік боччашылары анықталды.

Мәулен Әшімбаев жарыстың тартысты өтуіне үлкен үлес қосқан параспортшыларға алғыс білдіріп, әр атлеттің дайындығы жоғары деңгейде болғанын атап өтті. Осы ретте биыл чемпионатқа қатысушылар саны былтырғымен салыстырғанда екі есе артқанын айта кеткен жөн.

«Биыл чемпионатты ұйымдастыру деңгейі, спортшылардың дайындығы және қатысушылар саны айтарлықтай артқанын айрықша атап өткім келеді. Осыған орай федерацияның және жеке өз атымнан баршаңызға алғысымды білдіремін. Мұның бәрі – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инклюзивті қоғам қалыптастыруға арналған саясатының нәтижесі. Сондай-ақ біз спортшыларымыздың кәсіби тұрғыда өскеніне ерекше қуаныштымыз. Бұл үздіксіз жаттығу мен табандылықтың арқасы екені анық. Сіздердің әрқайсыңыз осы чемпионатқа қатысу арқылы мол тәжірибе жинап, бұрынғыдан да мықты, төзімді және сенімді бола түстіңіздер», – деген Мәулен Әшімбаев жарыс кезінде төрешілерге көмек көрсеткен еріктілерге де алғыс білдірді.

Айта кетейік, биылғы ел біріншілігінде параспортшылар жекелей сыннан бөлек, алғаш рет командалық және жұптық сайыста бақ сынады. Сондай-ақ Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының боччашылары Қазақстан чемпионатына бірінші рет қатысып отыр. Мәулен Әшімбаев Федерацияның алдағы жұмыс жоспары туралы айта келіп, осы жарыстан кейін ұлттық құрамада өзгерістер болатынын жеткізді.

«Федерация чемпионаттың қорытындысы бойынша ұлттық құраманың құрамын жаңартуды көздеп отыр. Бұл сайыста топ жарған спортшылар Польша мен Бахрейнде өтетін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды. Сондай-ақ өз елімізде де халықаралық турнирлер өткізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Биыл ел чемпионатын өткізу барысында алғаш рет Халықаралық бочча федерациясының электронды базасы қолданылды. Ол әр ойынның нәтижесін онлайн режимде бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл – елімізде халықаралық жарыс өткізу жолында жасалған маңызды қадам. Алдағы жылдарда елордада әлемнің басқа елдерінен келген боччашылардың қатысуымен осындай жарыстар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Қазақстан бочча федерациясының президенті.

Биылғы чемпионатта жасөспірімдер арасындағы жекелей сында өз санаттары бойынша Аманай Батхонов, Ульяна Кудинова, Азамат Аманша, Ардақ Алтынбасов және Мадияр Мұратхан жеңімпаз атанды. Ал, ересектер арасында Балжан Бөлекпаева, Қуаныш Асқарбеков, Итиана Шыңғысханова, Александр Курмантаев, Аружан Жеңіс, Темірлан Алтынсары, Эльмира Мусралиева және Руслан Ерембаев топ жарды. Жұптық сайыста Әлижан Бақытбекұлы, Карим Салимов, Азамат Аязбаев және Эльмира Мусралиева жеңіске жетсе, командалық сында Астана қаласының параспортшылары Итиана Шыңғысханова, Меруерт Тілебалды және Ерхат Алматқа тең келер ешкім болмады

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;