«Барыс» көшбасшысының командадан не себепті кеткенін түсіндірді
![«Барыс» көшбасшысының командадан не себепті кеткенін түсіндірді](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/203991_53655e3538d080148b106a2760e5d7da.webp?v=28686637)
«Барыс» командасынан жаңа келісім-шартқа отыру туралы іріктеу ұсынысын алған Давид Скленичка мансабын Швейцария чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чехиялық қорғаушы біздің командада бір маусым өткізіп, «Барыс» қорғанысындағы ең нәтижелі ойыншы атанды (8+25 ұпай).
Олег Болякин, «Барыстың» бас менеджері:
- Әрине, біз Скленицканы «Барыстың» құрамында қалдырғымыз келеді. Блайықты ұсыныс жасадық. Дэвид ұзақ ойланды, бірақ отбасылық себептерге байланысты мансабын Еуропада жалғастыруды шешті. Еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында сәттілік тілейміз