русский язык
Хоккей

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасының әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды.

Канада астанасы Оттава қаласында 2024 жылдың 26 желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Швеция, Чехия, Словакия және Швейцариямен кездеседі.

Ал А тобында АҚШ, Финляндия, Канада, Латвия және Германия ойнайды.

Аталған турнирдің плей-офф сатысына әрбір топтан төрт команда жолдама алады. Бесінші орынды місе тұтқан құрамалар жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін өзара кездеседі.
Өткен жылдың желтоқсан айында еліміздің жастар құрамасы әлем чемпионаты IA дивизионында бірінші орын алды. Нәтижесінде жастар арасында әлем чемпионаты элиталық дивизионына бес жылдан кейін қайта оралды.

Еліміздің 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы соңғы рет 2020 жылы үздіктер қатарында сынға түскен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;