Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарымыз анықталды
![Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарымыз анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201131_9c26c9c06bad0dd0bed88be8c93abf73.jpeg?v=28670200)
Ньонда (Швейцария) футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Армения, Дания және Албания құрамаларымен ойнаймыз.
6-топ:
Қазақстан
Армения
Дания
Албания
Литва және Латвияда өтетін Еуропа чемпионаты 2026 жылы 18 қаңтар – 8 ақпан аралығында болады. Іріктеу турнир 2024 жылдың 9 желтоқсанында басталады, яғни Өзбекстандағы Әлем чемпионатынан кейін. Іріктеу «үйде/сырт алаңда» жүйесімен өтеді.
Еуро-2026 іріктеу кезеңі:
1-2 тур | 9-18 желтоқсан 2024
3-4 тур | 27 қаңтар - 5 ақпан 2025
5-6 тур | 7-16 сәуір 2025
Еуро-2026:
18 қаңтар - 8 ақпан 2026
Литва, Латвия
Еске сала кетейік, Әлем чемпионаты 14 қыркүйек - 6 қазан аралығында өтеді.