ҚФФ-ның «Тобыл» - «Атырау» ойынына қатысты ресми мәлімдемесі
![ҚФФ-ның «Тобыл» - «Атырау» ойынына қатысты ресми мәлімдемесі](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201131_13a116b8812a7a0ce2c091b8d2fc0431.png?v=28686637)
Ойын 1:0 есебімен қостанайлықтардың жеңісімен аяқталды.
Матчтың 85-минутында бас төреші Артем Кучин VAR төрешісі Данияр Сахимен ақылдаса отырып, «Тобыл» командасының ойыншысы Жасұлан Жұмашевтың салған голын ойын ережесінің бұзылуына (допты қолмен ойнау) байланысты санамау туралы шешім қабылдады.
Техникалық ақауға байланысты осы эпизодтағы бас төрешінің шешімі тікелей эфирде көрсетілмеді.