русский язык
Басқа

Алматыда фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңі өтеді

Алматыда фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңі өтеді

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы (FIS) фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан жаңа маусымдағы жарыстар тізбегін жариялады.

Жарыс кестесіне сәйкес, әлем кубогі кезеңдерінің бірі Алматыда өтеді. Халықаралық сын 2025 жылға жоспаралған.

Фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі 21-23 ақпан аралығында ұйымдастырылады.

Олимпиадалық маусым биылғы 29 қарашада басталады. Алғашқы әлем кубогі кезеңін Финляндияның Рука қаласы қабылдайды. Ал әлем чемпионаты 2025 жылдың 17-30 наурызында өтеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;