русский язык
Хоккей

Хоккейден құрамалар рейтингі жаңарды. Қазақстан нешінші орында?

Хоккейден құрамалар рейтингі жаңарды. Қазақстан нешінші орында?

Халықаралық хоккей федерациясы Чехиядағы әлем чемпионатынан кейін құрамалар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионатында Чехия топ жарып, Швейцария екінші орын алған еді. Ал Швеция құрамасы қола жүлдеге қол жеткізген.

Қазақстан құрамасы В тобында 6-орынға табан тіреген еді. Жаңартылған рейтингте қазақстандық команда 15-орында қалды.

Рейтингте әлі де Канада көш бастап тұр, Ресей екінші орынға көтерілсе, ал Финляндия үшінші сатыға түсті. Әлем чемпионы Чехия төртінші орынға көтерілді.

Сборная Казахстана узнала позицию в мировом рейтинге ИИХФ после ЧМ-2024

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;