русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшылардың Олимпиада жолдамасы үшін таласатын жекпе-жектердің тікелей трансляциясы

Қазақстандық боксшылардың Олимпиада жолдамасы үшін таласатын жекпе-жектердің тікелей трансляциясы

Сәрсенбі, 29 мамырда Бангкоктағы (Таиланд) лицензиялық Олимпиада турнирінде Қазақстанның үш боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түстен кейінгі сессияда Наталья Богданова рингке шығады - 66 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Сербия өкілі Кристина Кулуховамен кездеседі. Жекпе-жектің тікелей трансляциясы шамамен Астана уақытымен 11:45-те басталып, Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісінде тамашалауға болады.

Кешкі сессияда Римма Волосенко 60 келі салмақта 1/8 финалда үндістандық Анкушита Боромен шеберлік сынасады. Жекпе-жек 16:45-те басталады. Сондай-ақ 1/8 финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өнер көрсетеді – ол итальяндық Джанлуиджи Малангамен ширек финалға шығу үшін таласады. Жекпе-жектің басталу уақыты шамамен 18:45.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;