русский язык
Теннис

Александр Бублик «Ролан Гаррос» додасын жеңіспен бастады

Александр Бублик «Ролан Гаррос» додасын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франция ашық чемпионатындағы сапарын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы раундта Бублик француз Грегуар Баррерді үш сетте ұтты – 6:4, 7:5, 6:3. Қарсыластар кортта екі сағат 16 минут уақыт өткізді.

Екінші айналымда Александр германиялық Ян-Леннард Штруффке қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;