русский язык
Теннис

Рыбакина - Миннен кездесуіне бейнешолу

Рыбакина - Миннен кездесуіне бейнешолу

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос-2024» жарысын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина бірінші айналымда бельгиялық Гретье Минненді 6:2, 6:3 есебімен ұтты.

Айта кетейік, матч 1 сағат 13 минутқа созылды.

Әйелдер арасындағы Францияның ашық чемпионаты 26 мамыр мен 8 маусым аралығында өтеді. Жекелей сында жалпы жүлде қоры 53,4 миллион еуроны құрайды, турнирдің қазіргі жеңімпазы өткен жылғы финалда чехиялық Каролина Мучованы ұтқан Ига Святек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;