«Лос-Анджелесте жаттығып жүрмін». «Қазақ патшасы» алдағы жекпе-жегінің күнін растады
![«Лос-Анджелесте жаттығып жүрмін». «Қазақ патшасы» алдағы жекпе-жегінің күнін растады](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_065241ccd9bb60892af271862cbd7bf0.webp?v=28686571)
Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек (17-0, 12 КО) Prosports.kz сайтына келесі жекпе-жегінің нақты күнін растады.
«Иә, 21 маусымда Ұлыбританияның Болтон қаласында жекпе-жек өткіземін. Қарсылас әзірге белгісіз. Жжаттығу жиынын бастадым, Лос-Анджелесте жаттығып жатырмын», - деді спортшы.
Сұлтан биыл 1 наурызда Ұлыбританияның Телфорд қаласында өткізген кейінгі жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11, 9 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын. 28 жастағы Зәуірбекті «Қазақ патшасы» деп атайды, биыл оны танымал отандасымыз Геннадий Головкинмен салыстыра бастады.