Рыбакина «Ролан Гаррос-2024» турнирін сенімді жеңіспен бастады
![Рыбакина «Ролан Гаррос-2024» турнирін сенімді жеңіспен бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/472_13eb857177d715b87dacbabd8ecc4034.webp?v=28686562)
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина бірінші айналымда бельгиялық Гретье Минненді 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Айта кетейік, матч 1 сағат 13 минутқа созылды.
Әйелдер арасындағы Франция ашық чемпионаты 26 мамыр мен 8 маусым аралығында өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 53,4 миллион еуроны құрайды.