русский язык

Қазақстандық футболшының клубы Ла Лигаға қайта оралды

Қазақстандық футболшының клубы Ла Лигаға қайта оралды

«Реал Вальядолид» Сегунданың 41-ші турындағы матчта «Вильярреал В» командасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, «Реал Вальядолид» жастар жүйесінде қазақстандық футболшы Мохамед Енсебаев бар, ол мамыр айының басында испан клубымен келісімшартқа қол қойған болатын.

«Реал Вальядолид» жастар командасына келген қазақстандық жартылай қорғаушы матчтың тізіміне енгізілмеген.

41-ші турдың қорытындысы бойынша «Вальядолид» 72 ұпаймен Сегундада бірінші орынды иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;