русский язык
Хоккей

Қазақстанның шайбалы хоккейден әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Қазақстанның шайбалы хоккейден әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2024 жылы Чехияда өтетін әлем чемпионатының қорытындысы бойынша әлемнің ең мықты командаларының рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингте 4100 ұпаймен Канада көш бастап тұр.

Қазақстан құрамасы IIHF рейтингінде 15-ші орынды сақтап қалды.

Айта кетейік, команда келесі әлем чемпионатына элиталық дивизионда қалды.

2024 жылғы әлем чемпионатында финалда Швейцария құрамасын 2:0 есебімен ұтқан Чехия құрамасы жеңімпаз атанды. Қола канадалықтармен үшінші орын үшін өткен кездесуде (4:2) басым түскен швейциялықтарға бұйырды.

Жаңартылған IIHF рейтингі:

1. Канада – 4100 ұпай;

2. Ресей – 4065;

3. Финляндия – 3955;

4. Чехия – 3945;

5. Швейцария – 3945;

....15. Қазақстан – 3305;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;