Сұлтан Заурбектің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
![Сұлтан Заурбектің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201736_9f9047f2742a4f1609cf9a2eee14e784.webp?v=1716876998587?v=28686559)
Қазақстандық боксшы екінші жеңіл салмақтағы Сұлтан Заурбектің (17-0, 12 КО) шаршы алаңға қайтатын күні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, «Қазақ королінің» келесі жекпе-жегі Болтонда (Англия) 21 маусымға жоспарланған.
Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.
Қазіргі уақытта Заурбек Лос-Анджелесте (Калифорния, АҚШ) оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Сұлтан Заурбек кейінгі жекпе-жегін Англияның Телфорд қаласында өткізіп, колумбиялық боксшы Виктор Хулионы (17-11, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.