«Қайраттың» тізгінін шетелдік бапкер ұстауы мүмкін. Бірақ ол Кержаков емес
52 жастағы тәжік-украин бапкері, қазір Ферғананың «Нефтчиін» жаттықтыратын Виталий Левченко Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында «Қайраттың» тізгінін ұстауы мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
24 мамырда Championat.asia басылымы «Қайрат» Левченконы шақыруы мүмкін екенін хабарлаған.