русский язык
Бокс

Саматәлі Төлтаевтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы белгілі болды

Саматәлі Төлтаевтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Саматәлі Төлтаев кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мeta-ratings.kz мәліметінше, оның қарсыласы тәжікстандық Эльчибек Ниозмамадов болады. Кездесу 1 маусымда ADD Arena-да өтеді. Тәжік боксшысы кәсіпқой деңгейде 6 жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңген. Үш рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен.

Ал Төлтаев алғашқы жекпе-жегін биыл ақпанда Ыстамбұлда өткізіп, түркиялық Рафик Тарханды төрешілер шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;