русский язык

Армения құрамасы Қазақстанға қарсы кездесуге дайындығын бастады

Армения құрамасы Қазақстанға қарсы кездесуге дайындығын бастады

Бүгін футболдан Армения құрамасы Словения (4 маусым) және Қазақстан (7 маусым) құрамаларына қарсы жолдастық кездесулер алдында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportball24.co сайтына сілтеме жасап.

Жаттығуға келесі ойыншылар қосылды:

Огнен Чанчаревич - «Ноа»
Арсен Бегларян - «Арарат-Армения»
Станислав Бучнев - «Пюник»
Степа Мкртчян - «Осиек» (Хорватия)
Камо Оганесян - «Арарат-Армения»
Георгий Арутюнян - «Краснодар» (Ресей)
Андраник Акопян - «Валенсия М-19» (Испания)
Давид Давидян - «Пюник»
Эрик Симонян - «Урарту»
Сергей Мурадян - «Ноа»
Эдгар Григорян - «Арарат-Армения»
Ваан Бичахчян - «Погонь» (Польша)
Артак Дашян - «Пюник»
Оганес Арутюнян - «Пюник»
Соломон Удо - «Пюник»
Геворг Тарахчян - «Урарту»
Жирайр Шагоян - «Арарат-Армения»
Артур Серобян - «Арарат-Армения»
Гор Манвелян - «Ноа»
Артур Миранян - «Ноа».

Бүгін кешке Эдуард Сперцян, Эдгар Севикян және Наир Тикнизян командаға қосылады. Команда капитаны Вараздат Хароян Арменияға ертең, 28 мамырда келеді. Тигран Аванесян 3 маусымда ғана келеді, себебі ол 2 маусымда Ресей кубогының суперфиналында «Балтика» - «Зенит» матчында ойнайды.

3 маусымда Армения құрамасы Люблянаға ұшады, онда 4 маусымда Словения мен Армения, 7 маусымда Ереванда Армения мен Қазақстан құрамалары жолдастық кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;