русский язык
Футзал

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top
Самарқанда (Өзбекстан) футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы екінші себетке жайғасқан.

Жеребе қорытындысы бойынша, Кака шәкірттері Испания, Жаңа Зелендия және Ливия құрамасымен бірге D тобына түсті.

Футзалдан әлем чемпионаты. Топтық кезең:

A тобы: Өзбекстан, Парагвай, Коста-Рика, Нидерланды.

B тобы: Бразилия, Таиланд, Хорватия, Куба.

C тобы: Аргентина, Украина, Ауғанстан, Ангола

D тобы: Испания, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Ливия.

E тобы: Португалия, Марокко, Тәжікстан, Панама

F тобы: Иран, Франция, Венесуэла, Гватемала

Айта кетейік, 10-кезекті әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері Өзбекстанның үш қаласы Ташкент, Бұхара және Әндіжанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;