Футзалдан ӘЧ жеребесінің тікелей трансляциясы
![Футзалдан ӘЧ жеребесінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201131_32652e18071a704da5f68b12c3283451.jpg?v=28663785)
Жеребе Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Трансляцияны QAZSPORT телеарнасынан және ФИФА ресми сайтынан көре аласыздар.
10-шы әлем чемпионатында 24 команда бақ сынайды. Турнир 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері аралығында Өзбекстанның үш қаласы Ташкент, Бұхара және Андижанда өтеді.
ФИФА рейтингіне сәйкес 24 құрама 4 себетке бөлінді. Жеребе қорытындысы бойынша командалар 6 топқа бөлінеді.
Футзалдан әлем чемпионатының барлық себеті:
1 себет: Өзбекстан, Бразилия, Португалия, Испания, Иран, Аргентина;
2 себет: Марокко, Қазақстан, Таиланд, Франция, Украина, Парагвай;
3 себет: Хорватия, Жаңа Зеландия, Венесуэла, Ауғанстан, Коста-Рика, Тәжікстан;
4 себет: Нидерланды, Гватемала, Панама, Ангола, Ливия, Куба.