русский язык
Единоборства

Дзюдодан әлем біріншілігі: Қазақстан командалық жарыстың бірінші айналымында сүрінді

Дзюдодан әлем біріншілігі: Қазақстан командалық жарыстың бірінші айналымында сүрінді

Әбу-Дабидегі дзюдодан әлем чемпионатында аралас командалық сын бойынша жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Германиямен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

Біздің команда сапынан Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана қарсыластарын жеңді.

Ал Екатерина Токарева, Айдар Арапов, Бақыт Құсақбаева мен Дархан Қойбаған қарсыластарына есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын аяқтады. Команда сапында Абиба Әбужақынова ғана қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;