русский язык
Басқа

Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: Біздің спортшылар 5 финалда бақ сынайды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: Біздің спортшылар 5 финалда бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер командасының 4 спортшысы 5 финалда бақ сынайды.

Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Салимов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Салимов 6-нәтиже көрсеткен.

Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеуде Нариман Курбанов 1, Зейнолла Ыдырысов 2-орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды.

Сондай-ақ, шығыршықтағы жаттығуда 13.600 ұпаймен 8-орын алған Дмитрий Патанин финалдық кезеңде бақ сынайды.

Бүгін іріктеудің екінші күні өтуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;