русский язык
Дзюдо

Нұрбол Сүлейменов дзюдодан әлем чемпионатындағы сәтсіздікті түсіндірді

Нұрбол Сүлейменов дзюдодан әлем чемпионатындағы сәтсіздікті түсіндірді

Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Әбу-Дабиде өткен әлем біріншілігін қорытындылады. Жекелей сында қазақстандық спортшылар жүлдеге іліге алған жоқ, деп жазады Olympic.kz.

- Соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан Нұрлыхан Шархан мен Ерасыл Қажыбаев та ұтылып қалды. Өкінішті. Ерасыл ұтып тұрып, қарсыласына жол берді.

Жалпы, әлем чемпионатының нәтижесі көңіл көншітпейді. Мұның бәріне жарыс кестесінің тығыздығы себеп болды деп ойлаймын. Апта сайын әлемдік жарысқа қатысу оңай емес.

Әлем чемпионаты алдында біз рейтингілік ұпай жинау мақсатын қойдық. Қазір олимпиадалық рейтингке бірнеше спортшымыз еніп отыр.

Ендігі мақсат - қалған екі айда Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалу", - деді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;