Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті
![Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтті](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201131_181b0640721c0f6edd4ed96d7a7d9362.jpeg?v=28663110)
Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 329-орында тұрған америкалық Тоби Алекс Кодатпен кездесті.
Бір сағат 42 минутқа созылған тартысты матчта Скатов 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тимофей 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Кодат 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 310-ракеткасы, Германия өкілі Даниэль Мазурмен таласады. Ол ширек финалда отандасы Лукас Герчті қапы қалдырды - 6:3, 6:2.