русский язык
Бокс

Сәкен Бибосынов: Боксшы бапкерден қорқу керек деп ойлаймын

Сәкен Бибосынов: Боксшы бапкерден қорқу керек деп ойлаймын
news-banner7
mobile-news-top

Жазда Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қатысушысы Сәкен Бибосынов боксшы мен бапкер арасындағы байланыс туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов шәкірт пен бапкер арасындағы байланыс туралы пікірін айтты.

«Бапкер мен шәкірт бір-бірін түсіне білу керек. Десе де боксшы бапкерінен қорқу керек деп ойлаймын. Қорқу дегенде көріп қашып кету емес. Бапкердің мысы болу керек. Шәкірті жаттығуға бармай қалса бапкерім ұрысады деген қорқыныш болу қажет», - деді Сәкен Бибосынов.

Еске салайық, Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде алтын жүлде иеленді.

51 кг салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибосынов финалда отандасы Дамир Әбдіқадырмен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ Дамир қолын жарақаттап алғанына байланысты рингке шықпады. Осылайша, Бибосынов автоматты түрде жеңімпаз атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;