Бублик Франциядағы турнирінді сәтті бастады
![Бублик Франциядағы турнирінді сәтті бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/203991_f3237ee8e289a41f63b85c925662388b.webp?v=28662272)
Әлемнің 19-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Лиондағы (Франция) саздан жасалған ATP-250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымдағы кездесуде Бублик әлемнің 93-ракеткасы, Австралия өкілі Александр Вукичті 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Бубликтің Вукичпен кездесуі 1 сағат 11 минутқа созылды.