русский язык

«Жеңістің» бапкері қызметінен кетті

«Жеңістің» бапкері қызметінен кетті
news-banner7
mobile-news-top

Астаналық «Жеңіс» команданың бас бапкері, грузиндік маман Леван Коргалидзенің кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Леван Коргалидземен келісімшарт тараптардың өзара келісімімен бұзылғаны хабарланды.

Айта кетейік, «Жеңіс» тоғыз турдан кейін жеті ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Команда келесі кездесуін 2 маусымда өткізеді – елордалықтар өз алаңында «Атырауды» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;