русский язык

Қазақстан жастар құрамасы Грузиямен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан жастар құрамасы Грузиямен жолдастық кездесу өткізеді
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы маусым айында Грузия жастар құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты KFF-ке сілтеме жасап.

Матчтар 6 және 9 маусым күндері Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өтеді.

Аға бапкер Константин Горовенко бастаған Қазақстан жастар құрамасы 3 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Екі күндік ОЖЖ-дан кейін Қазақстан U-21 құрамасы Грузия астанасы Тбилисиге жолға аттанады.

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі:

6 маусым 2024 жыл

Грузия U-21 – Қазақстан U-21

Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси

9 маусым 2024 жыл

Грузия U-21 – Қазақстан U-21

Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси

Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде В тобында бақ сынап жатыр. Топта Қазақстан U-21 құрамасымен қатар Испания, Шотландия, Бельгия, Венгрия және Мальта құрамалары бар. Константин Горовенко шәкірттері алты ойыннан кейін үш ұпаймен 5-орында келеді.

Күзде Еуро-2025 іріктеу кезеңінің тағы төрт матчы өтеді. Қазақстан жастар құрамасы 5 және 10 қыркүйек күндері өз алаңында Мальта мен Бельгия құрамаларын қабылдайды. Артынша 10 қазан күні Испаниямен, сосын 15 қазанда Шотландиямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;