«Irbis-Alatau» командасы баскетболдан Қазақстан чемпионы атанды
![«Irbis-Alatau» командасы баскетболдан Қазақстан чемпионы атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201131_a28e833a00205c43b0c4b361c19f8230.jpg?v=28664891)
Баскетболдан ерлер арасында Қазақстан чемпионы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Атырауда өткен финалдық кезеңде жанкүйерлер аса тартысты ойынның куәсі болды. Ақтық сында «Irbis-Alatau» мен «Барсы Атырау» кездесті. Нәтижесінде 82:71 есебімен Алматы облысының командасы жеңіске жетті.
Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІ Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Роберт Пан (Irbis-Alatau), Маркус Майерс (Irbis-Alatau) және Джарвис Гаррет (Атырау Барысы) үздік ойыншы атанды.