Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева бірінші кезеңде жеңіске жетті
![Дзюдодан әлем чемпионаты: Елдос Сметов пен Ғалия Тынбаева бірінші кезеңде жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201736_864ace7edaf9ff6fa39ab91d30904bfa.jpeg?v=28664943)
Абу-Даби қаласында (БАӘ) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Бүгін Қазақстан сапынан 4 спортшы татамиге шығады.
48 келі салмақтағы Ғалия Тынбаева бірінші айналымда бразилиялық Аманда Лиманы "ваззари" ұпайымен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Оның ендігі қарсыласы - испаниялық Лаура Мартинс Абеленда.
60 келі салмақтағы Елдос Сметов те екінші айналымға жолдама алды. Ол бірінші белдесуінде вьетнамдық спортшыны шидо санымен жеңді. Сметовтің кезекті қарсыласы - Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джин.