Дзюдодан әлем чемпионаты: бірінші күнінің тікелей трансляциясы
![Дзюдодан әлем чемпионаты: бірінші күнінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202405/201736_95e74d9bd946bf38d6ededb3f37885b0.webp?v=1716097995749?v=28664948)
2024 жылдың 19-23 мамыры аралығында Абу-Дабиде дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлем чемпионаты көптеген қатысушыларды жинайды. Жүлде үшін күресте әлемнің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық дзюдошы бақтарын сынайды.
Айта кетейік, әр салмақ дәрежесіне 40-тан астам спортшы қатысып жатыр. Ең танымал салмақтар ерлер үшін 66 келі және 81 келі (әрқайсысы 61 қатысушы), сондай-ақ әйелдер арасындағы 48 келң (48 спортшы), 63 келі (50) және 70 келі (48) дейінгі салмақ дәрежесі болды.
Ерлер:
-60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов
-66 келі: Гусман Кыргызбаев, Жанарыс Рахметқали
Әйелдер:
-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
Алдын ала кезеңдегі жекпе-жек Астана уақытымен 12:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасы көрсетеді. Және мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.